Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Италияда футболшыларға сыртта жаттығуға рұқсат етілмек

27.04.2020, 15:20 319

HALYQLINE.KZ –| Италияда карантин ресми түрде жеңілдетілді. Енді 4 мамырдан бастап футболшыларға жеке, ал он сегізінен бастап командалық жаттығулар рұқсат етілді. Бұл туралы елдің премьер минстрі Джузеппе Конте мәлімдеді.

«4 мамырдан бастап таза ауада, саябақтарда 2 метрден аса алшақ жүріп жаттығуға рұқсат. Жекелей спорт түрлерімен айналысатындарға да спорттық орталықтарда қашықтық сақтай отырып жаттыға алады. Кәсіби футбол клубтары мен басқа да командалық спорт түрлері 18 мамырдан бастайды. Чемпионатты жалғастыруға байланысты алдағы күндері спорт минстрі Винченцо Спадафоромен талқылаймыз. Бәріміз жанкүйерміз, бірақ, қарамағымыздағылардың денсаулығын сақтауымыз қажет», – деп келтіреді Контенің сөзін La Gazzetta dello Sport.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: