Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ғабиден Урынбаев жүлделі оралды

27.10.2021, 18:00 347

HALYQLINE.KZ Ақтауда 15-17 қазан күндері каратэден ересектер арасындағы ел чемпионаты өтті. Жарысқа 13 облыстан 25 спортшы қатысып, командалық ката бойынша Қызылорда облысы көш бастады.

Дүбірлі додада өңіріміздің намысын қорғап, жеңіс тұғырынан көрінгендер сапында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері бар. Атап айтсақ, +18 жас салмақ дәрежесінде ката бағдарламасында Ғабиден Урынбаев ІІІ орын иеленсе, жалпыкомандалық катада жүлделі І орын алды.

«Елімізде каратэ спорты қарқынды дамып келеді. Оның дәлелі жоғары деңгейдегі жарыстардың ұйымдастырылуы. Каратэмен 7 жасымнан бастап айналысамын. Өзіме қатты ұнайды. Спортқа келу арқылы шыдамдылыққа, кез келген жағдайда ұстамды болуға үйрендім. Қазіргі таңда дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығының 1-курс студентімін. Университет тарапынан қолдау көрсетіліп, оқу ақысына 50 пайыздық жеңілдік берілді. Осы ретте, оқу орнының басшыларына алғысымды білдіремін», – деді Ғабиден Урынбаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: