Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Футбол фристайлынан жекелей жарыс өтті

15.09.2020, 14:00 468

HALYQLINE.KZ Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен «ZOOM» бағдарламасы бойынша онлайн жүйеде футбол фристайлынан Қызылорда облысының жекелей жарысы өтті.

Екінші мəрте ұйымдастырылған тартысты жарысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан 15-16 жəне 18 жастан жоғары 25 спортшы қатысты.

Жарыс нəтижесінде 18 жастан жоғары спортшылар арасында Мейіржан Əбішбековке тең келер ешкім болмады. Ол 20 минут үздіксіз допты жерге түсірмей, қарсыластарынан басым түсті. Мейіржанның бұл спорт түрімен айналысып жүргеніне 4 жылдай уақыт болды. Бұл ойынды ол əлемдік деңгейдегі фристайлшы Сиан Гарньерге қарап үйренген. Жас фристайлшы Қазақ спорт жəне туризм Академиясының 2-курс студенті. Оның мақсаты – келешекте футбол мектебін ашып, жас жеткіншектерді осы спорт түріне баулу.

Сырдария ауданының спортшылары Мұхтар Əбжапбаров екінші, Даулет Шакратов үшінші орындарды иеленді.

15-16 жас аралығында қазалылық Диас Жұмағұлов чемпион атанса, Жалағаш спортшылары Азиз Махмуд – күміс, Диас Сағымбай қола жүлделерге қол жеткізді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом, естелік сыйлықтар берілді.

Қызылорда облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: