Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Футбол: Бас бапкер командадан кетеді

17.11.2020, 9:30 424

HALYQLINE.KZ Чехиялық маман Михал Билек Ұлттар лигасында Литвамен соңғы матчынан кейін Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері қызметінен кетеді.

БАҚ мәліметінше, келісімшартты Футбол федерациясының ұзартуға ниеті жоқ. Билек бұл туралы бапкерлер штабына айтқан.

Чехиялық маман Қазақстан құрамасымен 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Оның командасы Еуро-2020 іріктеу турнирінің топтық кезеңінде бесінші орын алды.

Биылғы Ұлттар лигасында Қазақстан тағы бір ойын өткізеді. Оған дейін құрама С тобында соңғы орында тұр.

Билек бастаған команда 18 қарашада Алматыда Литва құрамасымен ойнайды. Бұған дейін 15 қарашада өткен кездесуде ел құрамасы Албаниядан 1:3 есебімен жеңіліп қалған болатын. 

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: