Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еуропа чемпионаты – 2020: 1/8 финалының ойын кестесі

25.06.2021, 17:05 497

Еуропа чемпионатында 24 құрамадан 16 команда қалды. Ертең Уэльс пен Дания ширек финалға жолдама кімге бұйыратынын анықтайтын болады.

Еуропа чемпионаты топтық кезеңнің өзінде спортсүйер көрерменге әсерлі көңіл күй сыйлады. Ертең, 26 маусымда 1/8 финал басталып, қызықты тартыстар өтеді. Назарларыңызға Sputnik Қазақстанның матч өтетін күн мен уақыт кестесін ұсынамыз.

  • 26 маусым, 22:00: Уэльс – Дания («Амстердам-Арена», Нидерланды);
  • 26 маусым, 01:00: Италия – Австрия («Уэмбли», Лондон);
  • 27 маусым, 22:00: Нидерланды – Чехия («Пушкаш Арена», Будапешт);
  • 27 маусым, 01:00: Бельгия – Португалия («Олимпико де Севилья – Ла Картуха», Севилья);
  • 28 маусым, 22:00: Хорватия – Испания («Паркен», Копенгаген);
  • 28 маусым, 01:00: Франция – Швейцария (Ұлттық стадион, Бухарест);
  • 29 маусым, 22:00: Англия – Германия («Уэмбли», Лондон);
  • 29 маусым, 01:00: Швеция – Украина («Хэмпден Парк», Глазго).

Ойын уақыты Нұр-Сұлтан уақыты бойынша көрсетілген.

Еске салсақ, Түркия, Ресей, Польша, Венгрия, Солтүстік Македония, Шотландия, Финляндия және Словакия құрамалары турнирден шығып қалды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: