Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды

23.09.2022, 14:20 356

HALYQLINE.KZ 6-13 қазан аралығында Өзбекстанның астанасы Ташкентте дзюдодан ересектер арасында әлем біріншілігі өтеді.

Байрақты додаға әзірше растаған 85 мемлекеттен 567 татами шеберлері қатысады. Жарысқа қатысатын дзюдошылардың барлығы 14 (ерлер 7 және әйелдер 7) салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, медальдар үшін таласады. Сонымен қатар Париж олимпиадасының рейтингілік ұпай беріледі. Бұл туралы Өзбекстанның дзюдо федерациясы инстаграм желісінде мәлімдеді.

Қазақстандық спортшылар төмендегідей құраммен қатысады.

Ерлер:
60 кг: Елдос Сметов, Мағжан Шамшадин;
66 кг: Ғұсман Қырғызбаев;
73 кг: Данияр Шамшаев;
81 кг: Абылайхан Жұбаназар;
90 кг: Дидар Хамза;
100 кг: Ислам Бозбаев, Нұрлыхан Шархан;
100 келіден жоғары: Ерасыл Қажыбаев.

Әйелдер:
48 кг: Абиба Абужақынова;
52 кг: Гаухар Ирмағанбетова;
57 кг: Севара Нышанбаева;
63 кг: Мөлдір Нарынова, Есмигүл Куюлова;
78 кг: Аруна Жангелдина;
+78 келіден жоғары: Камила Берліқаш.

Еліміздің намысын қорғайтын дзюдошыларға сәттілік тілейміз!

Айбек МҰХАНОВ,

журналист

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: