Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бокстан облыстық біріншілік басталды

01.04.2022, 10:45 233

HALYQLINE.KZ Қызылордада жоғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында бокстан облыстық ашық біріншілік басталды.

Спорттық шара Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ұйымдастыруымен, қалалық мәслихат, облыстық білім басқармасы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде өткізілуде. Аталмыш облыстық біріншілік 4-ші мәрте ұйымдастырылуда.

Сайыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап, студенттер арасындағы байланысты нығайту, бұқаралық спортты дамыту. Былғары қолғап шеберлерінің бәсекесі 31 наурыз бен 3 сәуір аралығында өткізілмек. Бокстан облыстық ашық біріншілікке, қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттыхожаев, облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова, университет түлектері, Токио олимпиадасының қола медаль иегері Қамшыбек Қоңқабаев, әлем чемпионатының қола медаль жүлдегері және кәсіпқойлар арасында бірінші орта салмақтағы WBC International тұжырымдамасының чемпионы Тұрсынбай Құлахмет, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры Жандос Базартай қатысты.

Жарысқа облыс бойынша ерлер мен қыздардан құралған білім беру ұйымдарынан 15 салмақ дәрежесінде 16 команда, 122 білім алушы қатысуда.

Бокстан облыстық ашық біріншіліктің бас демеушілері, университет түлектері – «Шебер ЖБИ» мекемесінің құрылтайшысы Досхан Жүнісов, “Қазақстан Астық Компаниясы” ЖШС-ның атқарушы директоры Қазыбек Омаров.

Сондай-ақ, жеңімпаздарға ұйымдастырушылар тарапынан дипломдар мен естелік сыйлықтар, «Amanat» партиясы «Тұран» филиалының Алғыс хаттары табысталады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: