Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бокс – түгі жоқтардың кәсібі

25.12.2022, 17:00 254

HALYQLINE.KZ Пабликтердің бірінен даңқты Майк Тайсон туралы тамаша нәрсе оқыдым. «Төрт құбыласы тең, жағдайы жақсы адамдар бокстан түк таппайды», – дейді Майк.

Бірде Майктың 16 жастағы ұлы әкесіне «рингке шыққым келеді» депті. Бұл туралы Майк былай дейді: «Бокс – түгі жоқтардың кәсібі. Бұл спорт жинақылықты, азапты, ашу мен кекті талап етеді. Осы арқылы сенің кім екеніңді тануға болады. Менің 16 жастағы ұлым боксшы болғысы келді. Мен оған былай дедім: «Не айтып тұрғаныңды өзің түсінбейтін ақымақсың ба?! Сен жеке мектепте оқисың, каникулда Аустрияда демаласың, сөйте тұра боксшы болғың келеді! Сөзінің түрін қара!

Мен сияқты жыртқыштармен рингте төбелескің келе ме? Олар сені қолы қалт етпестен өлтіре салады!»

Майктың сөзінің жаны бар. Бір кездері Ұлттық құраманы жаттықтырған, бүгінде шетелдіктерге бокс үйретіп жүрген мықты маман (аты-жөнін айтпай-ақ қояйын) маған былай деп еді: «Біз мемлекетте ештеңе жоқ кезде Олимпия, әлем чемпиондарын шығардық. Олардың жеңіске деген жігері сұмдық еді! Ал қазіргі боксшыларда бәрі бар, бірақ көздерінде от жоқ. Бұлар жаттығу кезінде монша мен массажды, дәмді тамақты ойлап жүреді…»

Ерік РАХИМОВ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: