Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Барселона» футболшысы Испания құрамасының тарихына енді

07.10.2021, 18:02 383

HALYQLINE.KZ «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Гави Ұлттар Лигасының жартылай финалында Италиямен болған матчта негізгі құрамда шығып, Испания құрамасында дебют жасады. Осылайша, Гави «қызыл фурия» тарихындағы ең жас ойыншы атанды (17 жыл, 62 күн).

Бұған дейінгі рекорд 1936 жылы дебют жасаған Анхель Субьетаға тиесілі болған еді (17 жас, 284 күн). Бұл көрсеткіш бойынша үшінші орында «Барселонаның» тағы бір ойыншысы Ансумане Фати (17 жас, 308 күн) тұр.

«Бұл – ерекше жағдай. Ол үйінің ауласында жүргендей ойнайды. Мұндай шеберлікке ие футболшыны көру өте керемет. Ол – ұлттық құраманың бүгіні әрі болашағы», – деді Испания құрамасының бас бапкері Луис Энрике Гави туралы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: