Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Барлық жақсылық балаларға арналды

23.10.2022, 18:15 232

​Президент Жарлығымен биыл «Балалар жылы» болып бекітілуіне байланысты, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тікелей тапсырмасына сәйкес, кәсіпкерлердің демеушілігімен қалада және аудандарда спорт-ойын алаңдарын салу жоспарланған болатын. “Балаларға жұмсалған қаржы болашаққа құйылған инвестиция” демекші, 25 қазан – Республика күні қарсаңында облыс көлемінде бір мезетте 80 жаңа ойын алаңы іске қосылды.

Бүгін шаһар басшысы Асылбек Шаменов пен қалалық мәслихат хатшысы Ибадулла Құттықожаев кеше ғана ел игілігіне беріліп, қызылордалық балаларға қуаныш сыйлаған спорт-ойын алаңдарын аралады.

​Қала әкімі алдымен Бектұрғанов көшесі №17 көпқабатты тұрғын үйдің ауласында «Интегрострой» ЖШС-нің демеушілігімен салынған спорт және ойын алаңына барды. Жаңа алаңқайда асыр салып ойнаған балалармен және олардың ата-аналарымен кездесіп, ел ертеңі өскелең ұрпақтың қажеттілігі үшін алдағы уақытта да түрлі жобалардың жүзеге асырылатындығын жеткізді. Өз кезегінде тұрғындар шаһар басшысына шексіз ризашылығын білдіріп, көкейлерінде жүрген өзекті мәселелерін, ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Асылбек Өмірбекұлы «көпшіліктің талап-тілегі ескерусіз қалмай, барлығын өз ретімен шешу жолында жүйелі жұмыстар істеледі» деді.

«Интегрострой» компаниясы өз қаржысына Күләш Бәйсейітова көшесі №102 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына да дәл осындай спорт-ойын алаңын салып берді. Тұрғындар балалар ойнайтын құрылғылардың сапасы жайлы, әрі қауіпсіздік талаптарына сай жасалғанын айтып, демеушіге шынайы алғысын білдірді. Қала әкімі Асылбек Шаменов тұрғындардың басқа да көкейтесті мәселелерін тыңдап, ұсыныстар бойынша тиісті сала басшыларына тапсырма жүктеді.​

Қала әкімі барған келесі спорт-ойын алаңы шаһардың шет аймағындағы Титов тұрғын ауданы №5 көпқабатты үйдің ауласында орналасқан. “Шиелі жолшы” ЖШС-нің демеушілігімен салынған жаңа алаңның қызығына берілген балаларды әңгімеге тартқан Асылбек Өмірбекұлы осынша игіліктің бәрі ел болашағы жас жеткіншектердің жан-жақты дамуы, сымбатты, қайратты болып өсуі үшін жасалып жатқанын айтты. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындармен дидарласып, ұсыныс-пікірлерін әрдайым қаперде ұстайтынын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: