Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байсуфинов футболдан ұлттық құраманың бас бапкері болды

15.12.2020, 10:00 383

HALYQLINE.KZ Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне Талғат Байсуфинов тағайындалды, – деп хабарлайды  ҚФФ ресми сайты.

Талғат Байсуфинов бұған дейін де ұлттық құраманы басқарып, 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысқан болатын.

Сонымен қатар, білікті бапкер әр уақытта Петропавлдың «Есіл-Богатырь», Павлодардың «Ақсу», «Ертіс», Оралдың «Ақжайық» футбол клубтарында жұмыс істеген.

Наурызда Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеуді бастайды. Топтық кезеңде Франция, Украина, Финляндия, сонымен қатар Босния және Герцеговина құрамалары қарсылас болмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасын чехиялық маман Михал Билек жаттықтырған болатын. Оның баптауымен Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионының тобында соңғы орын алған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: