Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Азияда: Қазақстан стенд атушылары тағы екі алтын жүлде иеленді

28.09.2023, 12:25 226

HALYQLINE.KZ

Ханчжоуда (ҚХР) өтіп жатқан Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан құрамасы тағы екі алтын медаль жеңіп алды.

Стенд ату шебері Зухра Ірназарова финалда 560 ұпай жинап, Қазақстанға екінші алтын жүлде әкелді. Ал, Әсем Орынбай мен Эдуард Эщенко ақтық сында 40 ұпай жинап, Кувейт елінің өкілдерінен (35 ұпай) кетті. Осылайша, ел қоржынындағы алтын жүлденің саны үшке жетті.

Зухра Ірназарова

Сондай-ақ, стенд атудан 10 метр қашықтықта сынға түскен мергендер – Фатима Ірназарова, Зухра Ірназаорва және Александра Сәдуақасова үштігі күміс жүлде еншіледі. Бұл сында Солтүстік Кореа өкілдері алтын алса, Индонезиядан келген арулар қол медальға ие болды.

Дәл қазір ел қоржынында 3 алтын, 3 күміс, 10 қола медаль бар. Командалық есепте 9-шы орынға келеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: