Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Арабиялық клуб Мессиді сапына қосуға ниетті

31.01.2023, 17:35 179

HALYQLINE.KZ Сауд Арабиясының «Әл-Хиләл» клбуы Лионель Мессиді сапына қосу ниетінен таймаған көрінеді, деп хабарлайды Sports.ru.

Sky Sports мәліметінше, арабиялық клуб аргентиналық шабуылшыны табысы әлемдегі ең жоғары футболшы етпек. Егер Месси клубқа өтсе, жылына 200 миллион фунт еңбекақы алатын болады.

Месси мен ПСЖ арасындағы келісімшарт биыл аяқталады, тараптар оны ұзарту бойынша келіссөз жүргізуде.

Сауд Арабиясының футболға жауапты шенділері елдің лигасы кез келген ойыншыны қызықтыра алады деген сенімде. Мәселен, олар алдағы маусымда «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне және «Ливерпуль» форварды Мохамед Салахты өз чемпионатына әкелмек екен.

Айта кетейік, 2023 жылдың басынан Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында португалиялық Криштиану Роналду ойнап жүр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: