Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әрбір жақсылықтың қайырымы болуы тиіс

18.08.2021, 11:30 345

HALYQLINE.KZ Токио Олимпиадасының соңғы күндерінің бірі… Тиану деген жапон қызы ойында ештеңе жоқ, өз бетімен кетіп бара жатқан..

Бір кезде алдынан бір қара торы жігіт кездесіп, өзін ямайкалық кедергімен жүгіруші Ханс Парчмент деп таныстырып, қонақүйден шыққанда автобусты шатастырып, су спорты ойындары өтетін стадионға кетіп қалғанын, ал өзінің бүгін финалда өнер көрсететінін, сондықтан желаяқтар трегіне жетіп алу үшін таксиге ақша қарыз сұрайды..

Тиану жігіттің сөзіне сеніңкіремесе де, ақша береді. Жігіт қыздың визиткасын алады да, таксиге отырып жарыс өтетін жерге барады.

Бірнеше күннен соң Ханс Тианудың телефонына хабарласып, қарызын қайтарғысы келетінін айтады.

Кездесіп 110 метрге кедергімен жүгіруден Олимпиада чемпионы болғанын айтып, медалін көрсетеді. Спорттық киімін сыйлайды..

Жақында Ямайканың туризм министрі Тиануға хабарласып, «Әрбір жақсылықтың қайырымы болуы тиіс! Сіз болмағанда Ямайкада 1 алтын кем болар еді» деп аралға шақырды…

Токио Олимпадасында Ямайка 4 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль алды…

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: