Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлемнің ең қымбат футболшыларының құрамасы жасақталды

26.12.2022, 11:40 165

HALYQLINE.KZ Тransfermarkt порталы Катардағы әлем чемпионаты өз мәресіне жеткеннен кейін, жаһанның ең қымбат ойыншыларының құнын бағалап, құрама команда жасақтады. Футболшылардың барлығы топ клубтарда өнер көрсетеді.

Бұл құрамдағы, жалпы әлемдегі ең қымбат ойыншы – франциялық Килиан Мбаппе. Тізімдегі екінші орн Эрлинг Холандқа бұйырды. «ПСЖ» шабуылшысы 180 млн еуроға, ал «Манчестер Ситиде» өнер көрсететін норвегиялық спортшы 170 млн еуроға бағаланған. Әлемнің қымбат ойыншыларынан жасақталған құрамда үздік үштікті 120 еуроға бағаланған «реалдық» Винисиус Жуниор түйіндеп тұр.

Фил Фоден («Манчестер Сити»), Джуд Беллингем («Боруссия») 110 млн, Педри («Барселона») мен Букайо Сака («Арсенал») 100 млн еуроға бағаланып отыр.

Шабуыл мен жартылай қорғаныс ойыншыларының құнынан төмен бағаланғандар – қорғаушылар. Йошко Гвардиол («Лейпциг») пен «Манчестер Сити» ойыншысы Рубен Диаш 75 млн еуроға лайық деп танылды. Ал «Бавария» қорғанысының футболшысы Маттейс де Лигт 70 млн еуроға бағаланды.

Әлемнің ең қымбат ойыншыларынан жасақталған құрама командадағы ең арзан ойыншы – «Реал Мадрид» қақпашысы Тибо Куртуа (60 млн еуро).

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: