Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлем кубогында Қазақстанның ұлттық құрамасы күміс жүлдені иеленді

31.10.2022, 10:05 1128

Шорт-тректен Қазақстанның ұлттық құрамасы Монреальда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанды.

Ұлттық Олимпиада комитетінің Telegram-арнасының хабарлауынша, қазақстандық спортшылар 5 мың метрлік эстафеталық жарыста қарсыластарын алаңдатқан екен. Қазақстанның атынан Абзал Әжіғалиев, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали және Денис Никиша сынға түсті. Жүлде үшін таластағы қазақстандықтардың ақтық мәредегі бәсекелестері Италия, Канада және Оңтүстік Корея болды. Нәтижесінде алтынды қиыр шығыстағы Оңтүстік Корея мемлекеті қанжығасына байлады.

– Бұл біздің ел үшін көптен күткен жүлде. Ерлер эстафетасында командамыз соңғы рет осыдан бес жыл бұрын, 2017 жылғы әлем Кубогінде қола медаль еншілеген болатын. Спортшылар мен жаттықтырушылар құрамын құттықтаймыз, – делінген ұлттық коньки тебушілер одағының хабарламасында.

Естеріңізде болса, осы жылдың қысқы олимпиадасында бұл спорттан жақсы нәтижелер болды. Тіпті үштікке кіруге де мүмкіндік болған еді. Дегенмен, спортшыларымыз қазақ елінің тарихында болмаған жетістіктерге қол жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: