Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлем чемпионы Айжан Байзақованы жекпе-жекке шақырды

18.06.2022, 15:00 347

HALYQLINE.KZ 26 жастағы қазақстандық дзюдошы Әйгерім Әбілқадырова инстаграм әлемінің жұлдызы және актриса Айжан Байзақованы жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

«Байзақовамен жекпе-жек өткізгім келеді. Бірде ол маған ашуланып аяқпен және қолмен соққылар жұмсаған еді. Сол сәтте оны орнына қойып тастағанмын. Денесі көгеріп жылап қалған. Енді ММА-поп форматында айқасқа шақырғым келеді», – дейді Әбілқадырова exk.kz сайтына берген сұхбатында.

Еске салайық, Байзақова алты жасынан бастап спортпен шұғылданып келеді. Таеквондодан қара белбеу иегері және спорт шеберлігіне үміткер. 2009 жылы Қазақстан чемпионы атанса, 2011 жылы Алматы қаласының біріншілігіне топ жарды. Оынң инстаграм парақшасына 2,3 миллион оқырман тіркелген.

Әбілқадырова болса грэпплингтен қазақ қыздарынан шыққан жалғыз әлем чемпионы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: