Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды

25.06.2023, 15:30 180

HALYQLINE.KZ

Моңғолияда өткен Grand Slam турнирінде 81 келіде өнер көрсететін дзюдошы Абылайхан Жұбаназар қола жүлдеге ие болды.

Отандасымыз іріктеу кезеңінде бейтарап елдің өкілі Доминик Рессел мен Моңғолия дзюдошысы Буянцагаан Эрденебаттен басым түсті. Ал Абылайхан ширек финалда жапониялық Кения Охараға есе жіберіп алды. Жұбаныш белдесуін сәтті өткізген Абылайхан қола жүлде үшін таласта Моңғолияның тағы бір өкілі Молд-Очир Герелтуяны вазари әдісімен жеңді. Ал Жұбаназаровтан басым түскен жапониялық турнир жеңімпазы атанды.

Сыр елінің спортшысы осы турнирден кейін әлемдік рейтингте 4 саты жоғарылап, 2505 ұпаймен 15-ші орынға шықты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: