Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Зейнетақы неге көтерілмейді?

17.02.2020, 12:53 699

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жинақтаушы зейнетақы жүйесінен бүгінде 212 мың қазақстандық зейнетақы алып отырғанын айтты.

– Бүгінгі таңда ынтымақты зейнетақы жүйесі біртіндеп тоқтатылып, 1998 жылдан бастап енгізілген жинақтаушы зейнетақы жүйесі бірінші орынға шығып келеді. Алайда, өкінішке орай, жинақтаушы зейнетақы жүйесі бүгінгі жағдайда оны жедел жетілдіруді талап етеді. Бүгінгі таңда жинақтаушы зейнетақы жүйесінен 212 мың адам зейнетақы алады, орташа төлем мөлшері шамамен – 21 мың теңге. 22 жылда азаматтардың жинаған қаражаты 10,8 триллион теңге болған және бұл орташа есеппен алғанда әр салымшыға небәрі миллион теңгеден айналады, – деді министр алқа отырысында.

Нұрымбетов зейнетақыны көтеруге не кедергі екенін айтты. Біріншіден, бұл жұмыс істейтін азаматтар табысының төмен деңгейі. Екіншіден, зейнетақы төлемдерін салудағы тұрақсыздық, міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешек, жалдамалы жұмысшы не еңбек шарты жоқ, зейнетақы активтерінің кіріс тым төмен болуы себеп болып отыр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: