Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлытауда Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы басталды

16.06.2022, 15:30 442

HALYQLINE.KZ

Жаңадан құрылған Ұлытау облысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысы басталды.

«Баршаңызға Ұлттық құрылтайдың ашылуы құтты болсын дегім келеді.

Біз бүгін жалпыұлттық референдумнан кейін алғаш рет бас қосып отырмыз. Ата заңға өзгерістер енгізуге арналған референдум табысты өтті. Азаматтарымыз дауыс беруге белсене қатысты. Отбасымен бірге барып, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті.

Шынайы өзгеріске және жан-жақты жаңғыруға деген ұмтылысын білдірді. Келешегіміздің жарқын боларына үміті және сенімі зор екенін байқатты. Еліміз ертеңгі күнге мызғымас бірлікпен қадам басуға дайын екенін анық аңғартты», – деді президент.

Айта кетейік, 14 маусымда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанындағы Ұлттық құрылтайды құру туралы жарлыққа қол қойды. Ұлттық құрылтай құрамының тізімі мен құрылтайдың ережелері Ақорданың ресми сайтында жарияланды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: