Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Үздік мемлекеттік қызметші марапатталды

24.06.2022, 9:15 175

HALYQLINE.KZ Мемлекеттік қызметшілер күніне орай салтанатты жиын өткізіліп, үздік қызметшілер марапат мінберінен көрінді.

Жиын барысында аймақ басшысының атынан құттықтауын жеткізген облыс әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов пен мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы Ғалым Тұрсынбаев мемлекеттік қызметті дамытуға елеулі үлестерін қосқан, лауазымдық міндеттерін үлгілі орындаған, мінсіз мемлекеттік қызметі мен жұмыстағы басқа да жетістіктері бар мемлекеттік қызметшілердің еңбегі айрықша атап өтті.

Іс-шарада бірқатар мемлекеттік қызметші, «Үздік мемлекеттік қызметкер» төсбелгісін алып, арнайы алғысымен марапатталды.

Салтанатты іс-шараның соңы өнерпаз мемлекеттік қызметшілердің концерттік қойылымына ұласты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: