Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Түрмедегі экс-облыс әкіміне балалары ән арнады

17.01.2022, 15:00 314

HALYQLINE.KZ Қазір түрмеде отырған Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақовтың ұл-қыздары айтқан ән желідегі жұрттың жүрегін елжіретті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. Бейнежазбаны Қуанышбек Ысқақовтың қызы Айдана Досмайылова facebook әлеуметтік парақшасына жариялап, «жүрегіміздегі үміт оты әлі де лаулап жанып тұр, сол лаулап тұрған жалын өмірімізге жарық пен жылу беруде» деп жазды.

– Сағыныштан сарғайған көңілімізге күш беретін тек осы жақсыға деген өшпеген үміт пен әділдікке деген сенім. Біз біргеміз! Әділдіктің ақ туы желбірейтін күніміз жақын, болашағымыз жарқын болғай! – деді Қуанышбек Ысқақовтың қызы.

«Түбі әділдік жеңер», «Әділдік туы көтерілуде. Сағыныштарыңыз басатын отбастарыңызға биік таудай болған папаларыңыз оралуына тілектеспіз!, «Үміттерің үзілмесін! Сенімдерің өшпесін! Алланың қалауымен әділдіктің ақ таңы атып, сүйіншілейтін күн де болар!» – деп пікір қалдырды желі қолданушылары.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов 2020 жылы Арыстағы жарылысқа жиналған қордан 80 миллион теңге жымқырды деген айыппен 7 жылға сотталған болатын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: