Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тоқаевқа телефон арқылы есеп берді

29.07.2020, 11:45 262 0

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы бойынша тіркелген 2807 науқастың бүгінгі күні 69%-ы (1935 адам) жазылып шықты. Инфекциялық стационарда – 326 науқас ем алуда, жүктеме 50% құрайды. Шілде айының басында 85 пайызға дейін жеткен болатын. Провизорлық стационарда – 718 науқас, жүктеме 40% құрап отыр. Бұл көрсеткіш 87 пайызға дейін көтерілген еді.

Өңірде 6 компьютерлік томограф қызмет көрсетуде. Рентген аппаратының саны 22-ден 52-ге арттырылды, өкпені жасанды желдету аппараты (ИВЛ) 64-тен 107-ге көбейтілді, оттегі концентраторлары 153-тен 353-ке жеткізілді.

Облыстың барлық емдеу мекемелері бірінші типтегі костюмдермен, қорғаныс құралдарымен, сонымен қатар қажетті бекітілген 26 түрлі дәрі-дәрмектің 2 айлық қоры қалыптасты. «СК-Фармациядан» келетін барлық дәрі-дәрмектің 100 пайызы келді. Ал, дәріханаларда 1 айға жетерлік дәрі қоры қалыптасты. Бүгінгі күні сұраныстағы дәрілердің 97,7%-ы сатылымда бар.

Осындай кешенді жұмыстардың барысында жағдай тұрақталып, жедел жәрдемге шақырту жүктемесі 53 %-ға азайды. Қауіпті індетпен күрес барысында тұрғындармен кері байланыс орнату және ақпараттық насихаттық жұмыстарды күшейту мақсатында облыс көлемінде 75 тақырыптық билбордтар және адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда, көпқабатты үйлердегі арнайы орындарда 5 мыңнан аса жадынамалар, постерлер, үнпарақтар орналастырылды.

Жергілікті жазба және электронды БАҚ құралдары, әлеуметтік желілер арқылы 35 815 ақпараттық-түсіндірмелік материалдар, сұхбаттар, пікірлер мен лебіздер тұрақты түрде ұйымдастырылып, облыстық телеарналарда күнделікті репортаждар сериясы, күнделікті тікелей эфирде «Дәрігер сағаты» бағдарламасы берілуде. Түсіндірме жұмыстарына «Сыр волонтерлары» орталығының еріктілері тартылуда. Жағдай тұрақты бақылауда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: