Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Төтенше жағдайдың алдын алу мәселесі талқыланды

20.08.2020, 11:20 282

HALYQLINE.KZ Қармақшы ауданының әкімі М.Қалдарбековтың төрағалығымен әкімдіктің мәжілісінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жайлы комияссия отырысы өткізілді. Күн тәртібінде аудан аумағындағы өртке қарсы су көздерінің жай-күйі мен құлақтандыру жүйелері және су шаруашылығы нысандары мен гидротехникалық құрылыстардың жағдайы қаралды.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Ө.Сақтабаев аудан аумағындағы қыс-көктем айларында су тасқының алдын-алу мақсатында Сырдария өзені бойындағы қорғаныс бөгеттерінің жай-күйіне жүргізілген зерттеу жұмыстарының қорытындысымен таныстырып өтті. Сонымен бірге құлақтандыру жүйесі аппараттарының техникалық жағынан ескіргендігін және байланыс құлақтандыру жүйелерінің дамуын ескере отырып жаңғыртуды талап ететінін жеткізді.

Сонымен бірге мәжілісте «Қармақшысушар» өндірістік учаскесінің бөлім бастығы Қ.Пернебаевтың хабарламасы тыңдалды. Аудан басшысы мәжіліс барысында тиісті сала мамандарына Сырдария өзені бойындағы қауіпті учаскелерге тұрақты мониторинг жүргізіп, қатаң бақылауға алуды тапсырды. Сондай-ақ, Сырдария өзеніне шамадан тыс мөлшерде су келген уақытта аудан аумағындағы көлдер жүйесіне су алу шараларын ұйымдастыруды және барлық су таратушы каналдарды әзірлікке келтіруді тапсырды.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі Мұса Оспанұлы мәселелерді зерделеп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмаларды жүктеді.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: