Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тэджон қаласымен бауырластық қатынас орнатылды

24.05.2023, 9:37 209

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысы әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған делегация 23 мамыр күні Корея Республикасы Тэджон қаласының мэрі Ли Чан Ву мырзамен кездесті.

Қызылорда облысы мен Тэджон қаласын ерекше тарихи байланыстар біріктіреді. 2021 жылдың тамыз айында Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның сүйегі Қызылордадан осы Тэджон қаласының Ұлттық зиратына әкелініп жерленген болатын.

Кореяның ең ірі қалаларының бірі және ғылыми-технологиялық астанасы – Тэджон қаласымен тиімді ынтымақтастық орнатуға ерекше назар аударылады.

Өзара байланыстарды одан әрі дамыту мақсатында тараптар келіссөз жүргізіп, екіжақты ынтымақтастықтың бағыттарын айқындады.Кездесу нәтижесінде Тэджон қаласының мэрі Ли Чан Ву мырза мен Қызылорда облысы әкімі Н.Нәлібаев өңірлер арасындағы байланысты өркендету үшін бауырластық қатынастар орнату туралы Меморандумға қол қойды.

Меморандум аясында сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, туризм, білім және ғылым салаларында өзара ынтымақтастықты дамыту көзделген. Тэджон қаласы жетекші білім және ғылым орталығы екендігін ескере отырып, Қызылорда облысының үздік мектеп түлектері үшін арнайы гранттар бөлу мәселесін қосымша қарастыру ұсынылды.

Бұл екіжақты байланыстарды жаңа деңгейге көтереді. Өз кезегінде, облыс әкімдігі Меморандумда көзделген бағыттар бойынша белсенді жұмыс жүргізуге және жан-жақты қолдау жасауға дайын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: