Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда қаласы білім бөлімінің басшысы тағайындалды

20.07.2022, 18:25 1313

Қызылорда облысының білім басқармасының бұйрығы негізінде Боданов Ерлан Теңізбайұлы Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жаңа басшыны облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бағдат Бердаулетов таныстырып, қызметіне сәттілік тіледі.

Боданов Ерлан Теңізбайұлы 1970 жылдың 20 қаңтарында Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1994 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетін «Математика, информатика және ЕТ пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994-2004 жылдары Қызылорда қаласындағы №23 мектеп-лицейінде математика және информатика пәні мұғалімі болып бастаған. 2004-2005 жылдары №23 мектеп-лицейдің мектеп директорының ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс жасаған. 2005-2007 жылдары Қызылорда қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің әдіскері, жетекші маманы қызметтерін атқарған. 2007 жылы Қызылорда қаласы әкімдігінің қала әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және бағдарламамен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, 2008-2010 жылдары Қызылорда қалалық білім бөлімінің жетекші маманы, 2010-2013 жылдары білім бөлімінде бас маман, бөлім басшысының орынбасары болып қызмет еткен. 2013-2019 жылдары Қызылорда қаласындағы М.Сужиков атындағы №6 орта мектептің директоры болып абыройлы қызмет атқарған.

2020 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда қалалық білім бөлімінде бас маман қызметін атқарып келді.

Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.

Пікірлер:
  • Сәлеметсіздер ме! сіздердің мекеме телефонына қоңырау шалып ала алмай отырмыз. Сіздерге хат жолдамақ едік. 87768760576 ға хабарласа аласыз ба? Өтініш. Рахмет!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: