Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындалды

07.04.2022, 12:40 2783

HALYQLINE.KZ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов іс-сапармен Қызылорда облысына келіп, облыстық маслихаттың кезектен тыс сессиясына қатысты.

Үкімет басшысы мәслихат депутаттарына Қызылорда облысының әкімі лауазымына Нұрлыбек Нәлібаевты тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ұсыныс-хатын оқып берді. Депутаттар ұсынылған кандидатураны бірауыздан мақұлдады.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.

Еңбек жолын 1997-1998 жылдары аралығында «Казахойл-коммерция» ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары. 

2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы. 

2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі. 

2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі. 

2021 жылғы 1 сәуірден осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі болды.

Пікірлер:
  • Каламыздын тазалыгына, келбетинин кокеюине субели улес коскан, ауылда туып, жаксы акенин тарбиесин корген туымды инимизге тек кана саттилик тилеймин. Абыройы артып, туган жердин умитин актай берсин! Жана орыны кутты болсын!

  • Керемет жаңалық. Сыр елінің өркендеуіне улкен қызмет жасайтынына сенеміз. Жемқорлық жайлаған заманда осындай бір туар азаматарымыз елді былықшылықтан тазартып жаңа жуйе еңгізеді деп сенеміз. Аброймен атқаруына шын журектен тилектеспиз

  • Ауыл деген қашаннан биік болып қалу керек
    Сол ауылға ерінбей бару керек
    Кіндігіңнің қаны тамған жерге
    Маңдайыңның теріде таму керек – дегеннің үлгісін көрсетіп елдің азаматы келіпті Аллаға шүкір
    Абыройлы қызмет болсын
    Іске сәт берекесін берсін

  • Құтты болсын!Өте жақсы адам, Бізге осындай әкім керек еді. Жақсы болды, өте салмақты адам 2013 баламның атын Нұрлыбек деп қойдым осы кісіге ұқсасын деп.

  • Нұрлыбек Мәшбекұлы қала әкімі болған жылдары қала қөркіне жаңа серпін берді деуге болады. Расында шаһар келетін өткен 10-15жылдықпен әсте салыстыруға болады. Бұл орайды Н. Мәшбекұлының тың бастамалары болғанын мойындайық, ағайын.
    Менің аттасым, әрі құрдасым Нұрекеңе – өңіріміздің өркендеуіне білек сыбана кірісуге бастаған жаңа бастамасына тек сәттілік тілеймін.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: