Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Қоғамдық келісім» КММ-ге жаңа директор тағайындалды

18.01.2021, 18:15 987

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының бұйрығымен «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры қызметіне Мастеков Бауыржан Қайырбекұлы тағайындалды.

Мастеков Бауыржан 1989 жылы 8 желтоқсанда дүниеге келген. 2005-2012 жж «Болашақ» колледжін және университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша оқып, бітірген. Қызылорда қалалық мәслихатының V және VII шақырылымының депутаты.

Еңбек жолын 2008-2019 жж «Жас Отан» Жастар қанатының Қызылорда қалалық филиалының төрағасынан бастап, «Болашақ жастары» жастар қоғамдық бірлестігінің, «Қызылорда жастары» Заңды тұлғалар қауымдастығының төрағасы, «Байқоңыр» ӘКК ұлттық компаниясы акционерлік қоғамында бөлім басшысы;

2020 жылдан бүгінгі күнге дейін «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры қызметін атқарды. Отбасылы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: