Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыс әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

16.06.2026, 15:55 40

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жаңа орынбасары тағайындалды. Бұл қызметке Қуаныш Бақытұлы келді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алматы облысы әкімінің өкімімен Қуаныш Бахытұлы 2026 жылғы 16 маусымнан бастап Алматы облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды», – деп жазылған ресми ақпаратта.

Қуаныш Бахытұлы 1977 жылы туған, білімі жоғары. Қазақ мемлекеттік әлем тілдері университетін 1998 жылы «іс-құжат жүргізуші-халықаралық деңгейдегі маман», 2008 жылы Шымкент университетін «Экономика», 2010 жылы Алматы үздіксіз білім беру университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын жеке секторда бастап, әр жылдары түрлі коммерциялық ұйымдарда менеджер, бас директордың көмекшісі, директордың орынбасары, бас менеджер және әкімшілік-шаруашылық бөлімінің менеджері, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімі аппаратының бас маманы, аппарат басшысы, Алматы қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, Алматы қаласы Әуезов және Алмалы ауданы әкімінің орынбасары, «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ-ның жүк тасымалы бөлімінің бастығы лауазымдарын атқарған.

2022 жылдың тамыз айынан бастап бүгінгі күнге дейін Алматы облысының Кәсіпкерлік, индустрия – инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымында қызмет еткен.

Сурет: gov.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: