Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тәуелсіздікке бүкіл халық болып ұмтылған жоқ сияқтымыз – Дос Көшім

08.07.2023, 16:07 315

HALYQLINE.KZ

Белгілі саясаткер Дос Көшім «Барыс медия» арнасына берген сұхбатында тәуелсіздік туралы ой толғады. Айтуынша, тәуелсіздік алған тұста соған ұмтылғандар халықтың 15-20 пайызы ғана болуы мүмкін дейді.

– Соңғы 5-6 жылда ақыл есі дұрыс азаматтар «тәуелсіздік бізге не берді» деген сұрақ қойып жүр. Соны ойлап қарасам, халқымыздың 15-20 пайызы тәуелсіздік алғысы келді да, басқалары сол күйінше қалыпты. Мен олардың өзгергенін көрген жоқпын. 30 жыл бойы фамилиясы әлі «ов-ев» атауынан арылған жоқ.

Егемен Қазақстан алашордашылар мақсат еткен бір ғана нәрсені жүзеге асыра алды. Ол – жеке мүфтиятымыздың болуы. Ал, ұлттық құндылықтарымызды аяғынан тұрғызу жөнінде басқа бірде-бір жетістікке жеткен жоқпыз. Себебі, бізді басқарып отырған адамдар шынайы тәуелсіздікке ұмтылған жоқ. Тәуелсіздік үшін күрескен бірде-бір адам билікте (шенді қызметте – авт.) отырған жоқ. Ең қызығы, тәуелсіздік алғаннан кейін Мәскеуге, Совет Үкіметіне қызмет етіп, тоталитарлық режимді ұстап отырған адамдар қайтадан билікке келіп алды, – деді ұлт жанашыры сұхбатында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: