Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Табандарын жалтыратсын!

15.06.2026, 15:05 67

HALYQLINE.KZ

 «Әділет» партиясы да жиын өткізіп, «Аманаттың» қосылатынын жариялап, кеше сауған сүттің үстіне ашыған айран құйыпты.

Егер парламенттің абыройын сәл де болса сақтап қаламыз десе, бүгін түннен қалмай «Аманаттың» депутаттары президент Тоқаевқа петиция жазып, бұдан әрі мәжілісте қала алмайтынын мәлімдеуі керек.

Ал таңғы тоғызда мандаттарын есік алдындағы күзетке тапсырып, парламенттен табандарын жалтыратуға тиіс.

Депутаттық мандат «Аманатқа» берілген, енді ондай партия жоқ!

«Біріккен сиез өткенше бөлек партиямыз, осы айдың соңына дейін, 15 күн мәжілісте нирвана ұстап отыра тұруға құқылымыз» дейтін шығар?

15 күн түгілі 15 минут отыруға моральдық құқы жоқ.

Егер олай десе «өзге біреумен некелесіп, құшағына кірдім, бірақ айлық алғанша сенімен бірге тұра тұрамын» дейтін түлкі терісін жамылғанның сөзі болмақ.

Мұндай әңгіме тумас үшін «Әділетпен» қосылу мәселесін шілденің бірінен соң, яғни парламент тарағаннан кейін бастау керек еді.

Парламентте көпшілік орын алып отырған партияның сыртта жүрген мандаты жоқ белгісіз партияға еш мұқтаждықсыз, еш қарсылықсыз қосыла салғаны – әлем түгілі өз тарихымызда кездеспеген теңдесі жоқ нонсенс, саяси алаяқтықтың шыңы болды, парламентаризм абыройына орны толмас нұқсан келтірілді.

«Аманат» партиясы осы арқылы өз сайлаушыларына кезекті рет түкірді.

Ал дамыған елде мұндай әрекеті үшін партияға сайлаушылар түкіреді.

Олардың мандаттары сайлау кезінде аз дауыс алған «Байтақ» партиясына бөлінсін, 15 күн ол партия да мәжілісте отырсын.

Ал аманатшылардың кабинетінде қалған көди-сөдилерін өзге депутаттар терезеден лақтыра салса да болады.

Асылхан  МАМАШҰЛЫ.

(Әлеуметтік желідегі парақшасынан)

Фото: Meirzhan Temirbekтің әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: