Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыр елі Сенаторын сайлап жатыр

12.08.2020, 10:55 331

HALYQLINE.KZ Бүгін Қызылорда қаласында ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын сайлау басталды.

Қызылорда облысынан ҚР Парламенті Сенаты депутаттығына барлығы 3 кандидат тіркелген.

Олар – Ақмарал Әлназарова, Айдын Қайруллаев және Мұрат Сәрсенбаев.

Ал, кандидаттарға облыс бойынша барлығы 138 мәслихат депутаттары дауыс беруі қажет.

Атап айтқанда, Қызылорда облысынан – 27, Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі аудандарынан – 13, Қазалы, Жаңақорған аудандарынан – 15, Қармақшы ауданынан – 12, Қызылорда қаласынан – 17 мәслихат депутаты.

Бірақ, облыстық Сайлау комиссиясына дауыс беруге тіркелген депутаттардың саны – 131. Бұл сайлаушылардың 95 пайызын құрайды.

Айта кетейік, дауыс беру пункітінде санитарлық-эпидемиологялық жағдай толық сақталған. Мәслихат депутаттары арақашықтықты сақтап, кезек бойынша дауыс беруде.

kyzylorda-news.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: