Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Су тасқыны: Қандай жұмыстар жүргізілуде?

01.04.2024, 11:55 184

Су тасқыны аймақтарында су ресурстары және ирригация министрлігінің 1000-нан астам маманы мен 280 бірлік техника жұмылдырылды

Су шаруашылығы нысандарында жедел іс-шаралар қабылдау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, су көлеміне тәулік бойы мониторинг жүргізіледі.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға арналған қор, соның ішінде тас, құм, қиыршық тас, қапшықтар және басқа да қажетті инертті материалдар дайындалды.

«Министрлік жанынан құрылған жедел штаб жергілікті әкімдіктермен өзара тығыз іс-қимыл жасап жатыр. Республикалық меншіктегі барлық гидротехникалық құрылыстарда тасқын суын апатсыз өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары мен су қоймаларының жұмыс кестесі бекітілді. Жауапты мекеме қызметкерлері су шаруашылығы ахуалына тәулік бойы бақылау жүргізеді», – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: