Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сотталғандар орта білім алады

04.09.2020, 10:40 1136

HALYQLINE.KZ Қызылорда қаласындағы ЗК-169/4 қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеп жүрген азаматтар арасынан 9 сотталған орта білім алуға кешкі мектепке қабылданды.Оқуға қабылданған азаматтардың ішінде өзге ұлт өкілі орыс ұлты да бар. Өзге орыс ұлт өкілдеріне орыс тілінде білім алады. Білім алушы азаматтарға бекітілген кестеге сәйкес, Шиелі аудандық кешкі мектеп мұғалімдері сабақ береді. Бүгін осы азаматтарға алғашқы білім сабағы өтті. Кешкі мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі Ә.Байтелиева оқуға қабылданған сотталған азаматтарды құттықтап, оқуда озат болуларын тілеп, және мектеп ұйымының атқаратын қызметінің бірден-бірі ол: «Азаматтық пен елжандылыққа, мемлекеттік рәміздерді, халық дәстүрін құрметтеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез –келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу. Республиканың қоғамдық жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарастарын қалыптастыру»- болып табылатынын айтып өтті.

«Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 2014 жылғы 18 тамыздағы №516 бұйрығында сотталғандарға негізгі орта,бастауыш, жалпы орта білім, техникалық және кәсіби білім алу туралы көрсетілген. Оның ішінде 30 жасқа дейінгі сотталған азаматтар орта білім алуға міндетті деп көрсетілген. 2019-2020 оқу жылында осы кешкі мектепте оқыған 2 азамат 9 сыныпты бітіріп, куәлік алса, 2 азамат 11 сыныпты тәмамдап аттестат алды. 2020-2021 оқу жылына мекемедегі азаматтар арасында орта білімі жоқ 9 сотталған оқуға қабылданды. Осы азаматтар бекітілген сабақ кестесіне сәйкес, интернет желісі қосылған арнайы кабинетте қашықтықтан білім алады»- деді мекеме бастығы әділет майоры Руслан Алимов.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: