Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

СІМ: Кейбір БАҚ біздің ұстанымды бұрмалады

03.05.2023, 12:21 364

HALYQLINE.KZ Еліміздегі кейбір бұқаралық ақпарат құралдары «Қазақстан Ресейді агрессор деп таныды» деген материал шығарған еді. Мұны ҚР Сыртқы істер министрлігінің арнайы өкілі теріске шығарды.

Айбек Смадияров «Азаттық» радиосының тілшісіне берген сұхбатында БҰҰ мен Еуропа кеңесі арасындағы ынтымақтастықты ғана қолдағанын жеткізді.

«Азаттық» радиосы тілшісінің:

  –  26 сәуір күні БҰҰ Бас ассамблеясында Еуропа кеңесінің серіктестігі деген қарар қабылдады. Қазақстан бұл қарарды жақтап дауыс берді. Мұның ішінде «Ресейдің Украинаға басқыншылығын айыптайтын «агрессор» дейтін» сөйлем бар. Қазақстан бұған дейін мұндай қарарларды қабылдағанда қалыс қалатын. Қазір не өзгерді? Қазақстан позициясы расында да Ресейді агрессор деп танитын болғаны ма?, – деген сұрағына Сыртқы істер министрінің ресми  өкілі:   

                    –  Өзіңіз айтқандай, қарардың атауы – БҰҰ мен Еуропа кеңесі арасындағы ынтымақтастық деп аталады. Бұл қарар БҰҰ Бас ассамблеясының шеңберінде 2000 жылдан бері қабылданып келе жатыр.  Осы күнге дейін ол әрқашан дауыс берусіз   қабылданып келген болатын. Бірақ, биылғы қарар жобасының кіріспе бөлігіне Исландия мен Ирландия делегаттары БҰҰ мен Еуропа кеңесі арасындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттілігі Ресейдің Украинаға, ал бұған дейін Грузияға қарсы агрессиядан кейінгі Еуропаның алдында тұрған сын-қатерлерге және Ресейдің Еуропа кеңесіне мүшелігін тоқтатуға байланысты тармақ енгізілген болатын. Алайда, Исландия мен Ирландия делегациялары Ресей тарапы қарар бойынша сөзге келіспей,   тек қана преампуларлық сөйлем бойынша, Ресей тарапы бөлек дауыс беруді сұрады. Қазақстан делегациясы осы сөйлемге қатысты дауыс беруден қалыс қалды. Ал жалпы резалюцияны қолдадық, – деді Айбек Смадияр.

«Азаттық»:

  – Қазақстан Ресейді айыптайтын сөйлемге дауыс бермей, қалыс қалды ма?

Айбек Смадияр:

  – Әрине. Атап айтсам, 10 делегация делегация қарсы болып, 48 делегация қалыс қалса, 81 делегация қолдап, қарар басым дауыспен қабылданды.

Біз бұл тармақ саяси болғандықтан ғана қалыс қалдық. Өйткені, Қазақстанның ұстанымы БҰҰ алаңы тек қана диалог пен бітімгершілікке арналуы керек. БҰҰ алаңын екі ел немесе басқа елдер арасындағы текетіреске айналдырмау керекпіз. Сондықтан біздің дауыс беруіміз қарар бойынша тек қана БҰҰ мен Еуропа кеңесінің арасындағы ынтымақтастыққа қатысты болған.

Біраз ақпарат құралдары осыны бұрмалап, басқаша көрсеткісі келді. Қазақстанның ұстанымы өзгерген жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: