Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Сауда агенті» алдап кетіпті

04.02.2021, 16:15 300

HALYQLINE.KZ

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 02 ақпан күні өнеркәсіптік мекемесінің директорынан арыз түскен болатын. Жәбірленушінің айтуы бойынша, 2019 жылдың ақпан айында белгісіз ер азамат «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы «өзін белгілі мекеменің сауда агентімін» деп таныстырып, шаруашылық серіктестігіне тиесілі энергетикалық сусындарын алдап алып кеткенін көрсеткен. Келтірілген материалдық шығын – 450 мың теңге, деп хабарлайды Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшыларының жедел-тергеу жұмыстарының нәтижесінде 40 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабының 2 бөлігімен (Алаяқтық), сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: