Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресей мен Беларусь одағының құрамына кіруге қажеттілік жоқ – Тоқаев

29.05.2023, 16:17 299

HALYQLINE.KZ

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев одақтас елдер Ресей мен Беларусь құрамына кіруге қажеттілік жоқ деп мәлімдеді.  

«Бірер күн бұрын Беларусь президенті Александр Григорьевич Лукашенко Қазақстанға Одақтас мемлекет құрамына кіруге ұсыныс жасады. Мен оның қалжыңын лайықты бағаладым. Бізде оған қажеттілік жоқ. Еуразиялық экономикалық одақ секілді интеграциялық бірлестік бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге оның қажеті жоқ. Себебі, біз Ядролық қару таратпау жөнінде келісімге қол қойғанбыз. Біз халықаралық құжаттар талабын орындаймыз», – деді Тоқаев Лукашенконың сөйлеген сөзіне қатысты.

Бұған дейін Лукашенко Қазақстан президентіне Беларусь пен Ресей одағына кіруге шақырып, сол кезде ядролық қару бәріне бірдей ортақ болатынын айтқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: