Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордаға кадр тасымайтын басшы келді

08.04.2021, 15:30 745

HALYQLINE.KZ Қызылорданы 8 жыл басқарған Нұрлыбек Нәлібаевтың жаңа қызметке тағайындалғанын жарыса жазғанбыз. Тура бір апта бос тұрған орынға бүгін Ғанибек Қазантаев келіп отырды. Бұған дейін Ғанибек Қонысбекұлы 6 жыл қатарынан Сырдария ауданын басқарған еді. Сол уақытта республикалық қоғамдық-саяси тәуелсіз «Халық» газетіне берген сұхбатында сырттан кадр әкелмегенін айтқан-ды. «Бұл жолы қалай болар екен?» деген оймен ауданның экс-әкімінің сөзін тағы бір еске салып отырмыз.


Тілші: Өз командаңызға сенесіз бе? Кадрлары­ңызға  көңіліңіз  тола  ма?

Ғанибек Қазантаев: Әрине. Көпшілік «біраз жыл қызметтес болғандар «ағайын» болы­п кетеді» деп ойлайды. Олай емес. Қай қызметте болсаң да, алдымен «тазалық» қажет. Қолдың, ардың тазалығы. Мен өзіммен бір­ге сырттан кадр әкелген емеспін. Орынбасарларымның барлығы – жергілікті жердің азаматтары. Кез келген мәселеде ақылдасып, ойласып, шешім қабылдаймыз. Әріптестеріме «дұрыс емес тұсын айтыңыздар» деп ұдайы айтып отырамын.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: