Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада құрылыс қарқыны бәсеңдеген

14.04.2020, 12:46 520

HALYQLINE.KZ –| Жыл басынан бері Қазақстанда 2,6 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Дегенмен кейбір өңірлерде құрылыс қарқыны төмендеген. Бұл жөнінде бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов хабарлады.

Министрдің сөзінше, негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсуі 5,1 пайызды құрады.

– Оның ішінде жеке инвестициялар 5,4 пайызға артты. Инвестициялардың ұлғаюы өңірлердің көбінде байқалады. 4 өңір бойынша төмендеу тіркелді. Олар: Атырау, Алматы, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы. Құрылыс секторында 11,7 пайыз деңгейінде серпінді өсу байқалады. Соның ішінде 16 өңір өсім көрсетті. Қарағанды облысы 50,8 пайыздық өсім көрсетті. Құрылыс бойынша Қызылорда облысы ғана төмендеді, – деді ол.

Сондай-ақ, министр тұрғын үй құрылысының 12 өңірде өсім барын атап өтті. Бұл жұмыстар Алматы және Жамбыл облыстарында қарқынды жүруде.

Естеріңізде болса, облысты Қырымбек Көшербаев басқарған тұста Қызылорда қаласының аумағы екі есе ұлғайып, 5 жыл ішінде 15 жаңа шағын аудан бой көтерген еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: