Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақстан әскері 63-орында

28.05.2020, 12:05 422 0

HALYQLINE.KZ Әлем елдері арасында биологиялық және химиялық қару-жарақ деңгейінің қуатын  салыстыру астыртын түрде жүруде. Ал, бүгінде ядролық қаруы жоқ аймақтар қатарында Антарктида, ғарыштық кеңістік, Латын Америкасы, дүниежүзілік мұхит түбі, Тынық мұхиттың оңтүстік бөлігі, Оңтүстік-Шығыс Азия және Африка бар. Бұдан басқа Оңтүстік Азияда, Таяу Шығыста, Шығыс Еуропада, Корея түбегінде ЯҚАА құру ұсыныстары қарастырылуда. Қазіргі кезде ядролық қарудан азат аймақтар әлемнің 111 мемлекеті мен жер құрлығының 50%-дан астамында бар.

Бұдан бөлек жаһандық державалардың әлеуеті әскери қуатымен бағаланатынын ескеріп, «Global Fireрower» халықаралық кеңсесінің жыл сайын рейтинг көрсетікішін жариялап отырады. 2020 жылға арналған рейтинг нәтижесінде Қазақстанның әскери қуаты дүниежүзінің 138 мемлекетінің ішінен 63-орынды иеленген. 132 мыңнан астам әскери қызметшісі бар армиясының жылдық бюджеті 4 миллиард долларды құрайды. Алғашқы үштік тізімін АҚШ, Ресей және Қытай бастап тұр. Айта кетерлігі, бұл үш мемлекет те соңғы 15 жыл ішінде өз орындарын сақтап тұр. Ал ТМД елдерінің ішінде алдымызға Ресейден бөлек, Украина, Өзбекстан және Беларусь елдері шыққан. Қазақстан әуе қатынасының жалпы күші жағынан – 45, танктер жөнінен 29-орында екен. Заман ақпарат пен технологиялардың дамуына жол беріп тұрған шақта көштің ортасында тұрғанымыз да – бір абырой.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: