Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазантаев құрмет көрсетті

03.12.2021, 15:25 309

HALYQLINE.KZ Бүгін қала әкімі Ғанибек Қазантаев Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Хұсейн Әмір-Темірді қабылдады. Кездесуде қала әкімі Хұсейн Жүсіпұлын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген мерейтойымен құттықтап, құрмет көрсетті. Шаһар басшысы:

– «Ұлы қазақ елінің өнер керуені еш уақытта аялдамайды. Қазақ мәдениетіне зор үлесін қосып, өнер өлкесінде өрісін тауып, руханият әлеміне өзіндік із қалдырған тұлғаларымыз аз емес. Халқымыз сізді де талантымен талайды тәнті еткен өнер майталманы, киелі сахнаның саңлағы, ұлағатты жолды жалғастырушы, мыңдаған шәкірттердің ұстазы, дарынды режиссер ретінде таниды. Сіз қашан да тыңнан тақырып тауып, әртүрлі стильдегі, сан қырлы жанрдағы қойылымдарды талғамы биік көрермендерге ұсынып, құрмет төрінен орын алдыңыз. Шекпеніңізден шыққан ізбасарларыңыз әрдайым мерейіңізді үстем қыла бергей» деп ықыласын жеткізді.

Еңбек ардагері Хұсейн Жүсіпұлы көрсетілген ілтипатқа алғысын білдірді. Қала әкімі Ғанибек Қонысбекұлы мерейтой иесіне «Құрмет» грамотасын табыстап, иығына шапан жапты.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: