Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылықтар көгілдір отынның игілігін көреді

19.04.2022, 10:10 461

HALYQLINE.KZ Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына жұмыс сапары аясында Әйтеке би кентіне жақын орналасқан Қазалы қаласын табиғи газға қосу салтанатты шарасына қатысты. Аймақ басшысы тұрғындарды көптен күткен қуанышымен құттықтап, ақжарма тілегін арнады.

– Облыста барлық аудан орталықтары мен Байқоңыр қаласы «көгілдір отынға» қосылды. Мұнан бөлек, Сексеуіл, Төретам мен Ақай елді мекенін газдандыру кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады. Биыл құны 3,2 млрд теңгеге газдандыру жобасы жүруде. Қызылорда қаласына жақын «Наурыз», «Ж.Махамбетов», Шиелі ауданындағы «Алғабас», «Ақмая» ауылына газ тарту жұмыстары өтуде. Міне, бүгін Қазалы қаласындағы газдандыру жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға беріліп отыр.

Биыл жыл соңына дейін ауданға қарасты Жалантөс батыр, Қ,Пірімов, Басықара ауылдары газға қосылады. Нәтижесінде облыс тұрғындарының 68% табиғи газға қол жеткізетін болады. Қазыналы Қазалы қаласына газ берілуімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын. Әр отбасынан жылу кетпесін!, – деді Н.Нәлібаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы алау оты жағылған Махамбетжановтар отбасына барып, қуанышына ортақтасты. Мердігер мекеме «МБК Құрылыс» ЖШС 1 млрд 26 млн теңгеден астам қаржыға 60 шақырымға жуық құбыр желілерін тартып, газ реттегіш құрылғылар орнатқан.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: