Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазалылық шенеунік «ескерту» алды

28.04.2020, 15:36 562

Қазалылық шенеунік азаматтармен қарым-қатынас кезінде әдептілік сақтамағаны үшін ескерту алды.

Облыстық әдеп жөніндегі кеңесте Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі басшысының іс-әрекеті таразыға тартылды.

Білдей бөлім басшысының тәртібі түзу боламай шықты. Азаматтармен жөнді байланыс орнатпай, өзінің осы іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болған.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері аталған істі жан-жақты қарап, басым көпшілік дауыспен Қазалы ауданының кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысына қатысты «ескерту» тәртіптік жазасын қолдану туралы шешім шығарды.

Айта кетейік, әдеп кеңесінде тәртіптік іс онлайн режимде қаралды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: