Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

06.08.2020, 10:50 487

HALYQLINE.KZ 5 тамызда қалалық мәслихаттың мәжіліс залында ҮІ шақырылған қалалық мәслихаттың кезектен тыс ХХХХХХІІІ (алпыс үшінші) сессиясы өтті. Сессия отырысына қала әкімі Н.Нәлібаев, қалалық мәслихат хатшысы Р.Боханова, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, күн тәртібіндегі мәселелерге байланысты тиісті мекеме басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібіне 5 мәселе енгізіліп, талқыланды. Күн тәртібіндегі бірінші «Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» мәселесі бойынша «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және қалалық сайлау комиссиясының ұсынысына сәйкес №3 «С.Торайғыров» сайлау округінен сайланған қалалық мәслихат депутаты Пазылов Сәбит Бексейітұлының облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалуына байланысты депутаттық өкілеттігі Өз өтініші негізінде тоқтатылды. Қала әкімі Н.Нәлібаев С.Пазыловқа депутаттық өкілеттігі мерзімінде өзіне жүктелген халықтың аманатын абыроймен атқарған қызметіне алғыс білдіріп, жаңа жұмысына сәттілік тілеп, «Қызылорда қаласының Құрмет грамотасын» табыстады.

Сонымен қатар, «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары» бекітіліп, «Қала әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 26 ақпандағы №14/2 шешіміне тиісті өзгеріс енгізілді. «Қызылорда қаласындағы барлық деңгейдегі сайлау комиссияларын сайлау туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2019 жылғы 11 қаңтардағы №210-35/1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселесі бойынша учаскелік сайлау комиссияларындағы бос орындарға жаңадан мүшелер енгізілді.

Қалалық мәслихат депутаттары тарапынан еліміздегі пандемиялық ахуалға байланысты әлеуметтік нысандардың қызметіне енгізілген карантиндік шектеулер және қаладағы қылмыстық ахуал мен қоғамдық қауіпсіздік мәселелерінің маңыздығы ескеріліп, ағымдағы жылдың қыркүйек айына межеленген кезекті сессияның күн тәртібіндегі «Қызылорда қаласында мектепке дейінгі білім беру мәселелері және даму перспективалары туралы» мәселесін қарау кейінге шегеріліп, «Жергілікті ішкі істер органдарының Қызылорда қаласындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі міндеттерін орындауының барысы туралы» мәселесі енгізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: