Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі құрыш қолды құрылысшыларды құттықтады

07.08.2020, 14:10 785

HALYQLINE.KZ

Құрметті құрылысшылар мен сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің күнделікті және ауыр еңбектеріңіздің арқасында қаламызда сәулетті құрылыстар мен әсем ғимараттар бой көтеріп, Сырдың бас шаһары жылдан жылға жаңарып, жасарып келеді. Қаланың сәнін келтіріп, айшықты етіп тұрған құрылыстардың барлығында сіздердің қолтаңбаларыңыз бар.

Құрыш қолды құрылысшылар қарышты даму жолына түскен қаламыздың сәнін келтіріп, әрін әрлеуде елеулі жұмыстар атқарып келеді. Тұрғындар сұранысы мен талғамына сай кәсіби бағыттағы ізденістеріңіздің нәтижесінде шаһарымыздың сәулеті жаңа архитектуралық үлгісімен ерекшеленуде. Бұл – Сыр құрылысшылары туған жерге деген шынайы жанашырлығын сөзбен емес, іспен дәлелдеп жүргенінің көрінісі.

Қаланың сол жағалауындағы құрылыс жұмыстарына белсене атсалысып, жаңа қаланың іргесін қалап, керегесін кеңейтіп, өсіп-өркендеуіне қосқан үлестеріңізді де ерекше атап өту керек. Қаламыздың келісті сәулеті көріктеніп, архитектуралық келбетінің заманауи түрленуі сіздердің еселі еңбектеріңіздің жемісі.

«Еліне қарап – азаматын таны» дейді халық даналығы. Әлемді үрейге салған коронавирус пандемиясы кезінде де өз азаматтық ұстанымдарыңызды танытып, менің үндеуімді қолдап, елмен бірге болып, жанашыр пейіл білдіріп, көмек көрсетуде аянып қалмадыңыздар. Бұл бойларыңыздағы биік парасаттылық үлгісі мен адамгершілік қасиеттің айқын көрінісі. Сондықтан сіздерге көрсетілер құрмет те, айтар алғыс та шексіз!

Құрылыс саласының барлық жұмысшылары мен ардагерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, халық жадында қалар ілкімді істеріңізге толайым табыс, кәсіби жетістіктер тілеймін!

Ізгі ниетпен,

Қызылорда қаласының әкімі Н.Нәлібев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: