Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі құрмет көрсетті

15.12.2021, 12:00 932

HALYQLINE.KZ

Кеше қала әкімі Ғанибек Қазантаев Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай марапаттау шарасын өткізді.

Салтанатты кездесуде шаһар басшысы марапат иелерін мерекемен құттықтап, Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктерге тоқталды.

«Саяси-экономикалық бағытпен, жаңашыл жобалармен, тың бағдарламалармен Сыр елінің орталығы Қызылорда қаласы да өрелі өзгерістердің алдыңғы шебінен көрініп, көш түзеді. Осы игілікті бастамалардың толымды жетістіктерінде әрқайсыларыңыздың үлестеріңіз бар. Сондықтан, мәңгілік еліміздің мұрат-мүддесі жолындағы құрметті еңбектеріңізге алғысымды білдіре отырып, баршаңызға бақ-береке тілеймін»,-деді қала әкімі өз сөзінде. Марапат иелері тәуелсіздік жылдарында жасаған еңбектері бойынша естеліктерімен бөлісіп, ризашылықтарын білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: