Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қала әкімі мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

23.06.2022, 12:15 194

Құрметті қызылордалықтар!

Қадірлі әріптестер!

Баршаңызды 23 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілер күні кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Білімділік пен іскерлікті, үлкен жауапкершілікті талап ететін мемлекеттік қызмет халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру жолында айрықша мән мен маңызға ие. Елімізде саяси-экономикалық тұрақтылықтың қалыптасып, ауқымды реформалардың жүзеге асуында саланың айтарлықтай салмағы бар. Сондықтан бұқараға адал қызмет ету мен еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білуді басты миссиясына айналдырған сала мамандарының еңбегі, қызметі құрметке лайық деп білемін. Өз халқың үшін қызмет ету – түсіне білген жанға зор бақыт! Сонымен қатар, бүгін Қазақстан Полициясына 30 жыл толып отыр.Мемлекетіміздің тыныштығы мен халқымыздың бейбіт өмірі, амандығы – бәрінен қымбат. Осы жолда, полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті қалыптастыру, ел тыныштығын қорғау жолындағы еңбектері орасан зор.

Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған кезде тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп, өз міндеттерін кәсіби деңгейде атқарып, мемлекетіміздің демократиялық, әлеуметтік және құқықтық мемлекетке айналуына үлкен үлес қосып жүрген барша қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймын.

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін. Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаларыңыз сәтті болсын!

Құрметпен, Қызылорда қаласының әкімі А.Шаменов

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: