Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент қайтыс болды

28.03.2022, 12:25 408

HALYQLINE.KZ Әзербайжанның тұңғыш президенті Аяз Муталибов 84 жасында Бакуде қайтыс болды. Оның президенттік қызметі бір жылға жетпеген, 1992 жылы оппозицияның қысымымен биліктен кеткен соң Ресейге қашып, 20 жылдан соң оралған.

Аяз Муталибов 1989 жылы Әзербайжан ССР-і Министрлер советінің төрағасы болған. Бакудегі «Қанды қаңтар» оқиғасынан кейін, 1990 жылы Әзербайжан ССР-і компартиясының бірінші хатшысы болып сайланған.

«Қанды қаңтар» кезінде Әзербайжан астанасына совет әскері кіріп, көтеріліске шыққан халықты күштеп басты. Мәскеу бұл әрекетін «армяндарды қорғау, этникалық тазартуға жол бермеу» деп түсіндірді. Алайда Әзербайжан бұл ұстаныммен келіспейді.

Сол жылы наурызда Әзербайжан Жоғарғы кеңесі Муталибовты республика президенті етіп сайлады. Әзербайжан тәуелсіздік жариялаған соң сайлауға баламысыз қатысып, президент болды, оппозиция сайлаудан бас тартып, бойкот жариялады.

1991 жылы Таулы Қарабақ соғысында сәтсіздікке ұшырап, Ходжалыда әзербайжандар жаппай өлтірілген соң Муталибов отставкаға кетті. Парламент комиссиясы бұл оқиғаны зерттей келе «президентттің айыбы жоқ» деп отставкасын қабылдамады. Бірақ бұл шешімге «Халық майданы» оппозициялық қозғалысы қарсы шықты. Оппозиция Бакуге қарулы жақтастарын кіргізді. Муталибов кейінгі сұқбаттарында мұны «өзінің президенттікке қайта оралғанын Ресей президенті Борис Ельциннің қаламағанымен» байланыстырды. Мамыр айында Муталибов Ресейдің әскери ұшағымен Мәскеуге қашты.

Әзербайжан Муталибовтің үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғады. 2011 жылы отанына оралып, саясаттан кеткенін мәлімдеді. 2009 жылы Ресейдің «Русская жизнь» журналына берген сұқбатында «Ресейшіл саясат ұстанғанын» айтты.

www.azattyq.org

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: