Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Президент: «Меморгандардың басшылары халықпен тілдесуден қорқады»

11.01.2022, 15:15 192

HALYQLINE.KZ Мемлекеттік органдардың басшылары халықпен тілдесуден қорқады, білмейді. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Тұтастай алғанда, шенеуніктердің халықпен диалогының тиімділігі бұрынғыша төмен екенін айту қажет. Мемлекеттік органдардың басшылары халықпен тілдесе алмайды, кейде қорқады. Үкімет мүшелері өңірлерге тұрақты түрде шығып тұруы тиіс, ал өңірлердің әкімдері әрбір елді мекеннің тұрғындарымен тұрақты кездесулер өткізуге міндетті», – деді Тоқаев.

Сондай-ақ, Президент бюрократия проблемасын айтты. 

«Ол тұрғындарда мемлекеттік аппарат туралы баяу және немқұрайды машина деген ұғымды дұрыс қалыптастырып отыр. Бюрократия – реформаларды сапасыз жүзеге асырудың себептерінің бірі. Бұл аурудан бәрімізге емделуге тура келеді. Басымдық формада емес, мазмұнда болуы керек. Есеп үшін есеп, бақылау үшін бақылау жүргізу өткенде қалуы тиіс. Соңғы нәтиже процестен маңыздырақ», – деді Мемлекет басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: