Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Оразбаевтың орынбасары қызметтен кетті

14.07.2020, 16:27 650

Арал ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов қызметтен кетті. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, ол Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалған.

«Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Рүстем Баймырзаұлының еңбек жолына тоқталып, ауданда қызмет жасаған жылдары экономика және қаржы саласы үнемі жоғары көрсеткіштерде болғандығын атап өтті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында аянбай еңбек еткендігін, абыройлы қызмет жасағандығын тілге тиек етті. Жаңа қызметіне абырой тілеп, ауданның «Құрмет Грамотасын» табыстады»,- делінген аудан әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, Рүстем Баймырзаұлы 2014 жылдың 12 қарашасынан бастап бүгінгі күнге дейін Арал ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: